Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы «Мемсараптама» РМК-нің бас директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды
Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша (1985 ж.), сондай-ақ Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін "заңгер-сарапшы" мамандығы бойынша (2004 ж.) бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы ПМК-5 учаскесінің шебері болып бастап, кейін прорабы болған. "Оралавтодор" бас маманы, директордың орынбасары, БҚО бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, "SUPER-ACCORD ASTANA" ЖШС Бас директоры болып қызмет атқарды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Астаналық филиалының жобалау және күрделі құрылыс дирекциясын, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментін, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасын басқарды.
"Құрмет" орденімен марапатталған.